Жарнама
Жарнама

Ван Перси «Манчестер Ситимен» келісім- шартқа отырды

13.03.2012, 19:21
Жарнама
Жарнама
«Арсенал» көшбасшысы Робин Ван Перси мен «Манчестер Сити» келісім шартқа отырды, келісім бойынша голландиялық шабуылшы келесі маусымнан бастап Манчинидің командасында ойнамақ. Ағылшынның The Times басылымының хабарлауынша «Арсенал» басшылығы өз сұрмергенінен тегін айырылып қалмай тұрғанда, дер кезінде сатып жіберуге бел буды. Ван Персидің келісімі «канонирлермен» 2012/13 жылғы маусымда аяқталады. Ойыншының трансферлік құны әлі белгісіз, бірақ ол жаңа клубта аптасына 250 000 еуро (210 000 фунт стерлинг) алатын көрінеді. Биылғы маусымның өзінде Ван Перси 25 (!) голдың авторы атанып, Премьер-лига мергендер кестесінде көш бастап келеді. Есесіне жазға таман трансферлік маусымда «Арсеналға» Германия ұлттық құрамасының шабуылшысы Лукас Подолький голландиялықтың орнын басады деп жоспарлануда. Соңғы үш маусымда «канонирлер» сапынан «Манчестер Ситиге» 4 ойыншы ауысып үлгерген. Олар: Коло Туре, Эммануель Адебайер, Гаэль Клиши және Самир Насри.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров