Жарнама
Жарнама

Ван Персиден кейінгі хет-трик

25.06.2020, 07:14
2013 жылдан бері мұндай оқиға тіркелмеді.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтед" Англия премьер-лигасының 31-турында "Шэфилд Юнайтед" командасын 3:0 есебімен жеңді. Үш голды да шабуылшы Антони Марсияль соқты. Бір қызығы МЮ тарихында 2013 жылдан бері ешкім хет-трик жасамаған екен. Соңғы рет үш допты Робин Ван Перси салыпты. Ал Антони болса өзінің спорттық ғұмырында алғашқы хет-тригін тіркеп отыр. Міне, 7 жылдан соң (263 матч) "қызыл сойқандардың" ойыншысы бір ойында 3 гол ұрды.

Осы жеңістен соң МЮ 49 ұпаймен 5 сатыда тұр. Оның негізгі бәсекелесі "Вулверхэмптон" да 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров