Аргентиналық модель не айтса да, осы жанжалдан кейін Мауро Икарди Аргентина құрамасымен бірге 2018 жылғы Әлем чемпионатына бармайтын болды. Аргентиналық «Final Debate» телешоуы Икардидің құраманың тізімінде болмауы Лионель Месси мен Диего Марадонаның өтініші бойынша екенін айтады.
Өз елінің туын қорғамағанымен, Мауро Икарди Вандаға үйленгелі бақытты екенін жасырмайды. Осылайша қазіргі «Интер» шабуылшысының денесінде Ванда мен оның ұлдарының суреті пайда болды.
Ванда Нара фамилиясын «Икарди» қылып өзгертуі Мауроның жеке өмірінде де, футболдағы карьерасында да үлкен рөл ойнайды. Себебі, аяқдопшының 10 жылдан артық уақыт бойы сенімді серігі болып келген жеке агентінің орнын жары Ванда Икарди басты. Айта кетерлігі, жеке агенті ауысқалы Мауро Икардидің бағасы 14 млн еуродан 250 млн-ға дейін өскені белгілі болды.
2015 жылы Ванда Франческо атты, 2016 жылы Изабелла есімді қыздарды дүниеге әкелді. Мауродан 7 жасқа үлкен болса да, әлемнің «TOP» модельдерінен кем емес. Аргентиналық сұлу, 5 баланың анасы Ванда Икарди - әрбір табысты ер адамның артында ақылды әйел тұратынының тағы бір дәлелі.
Ырысты ҚАДІРБЕК
Біздің серіктес: FONBET