Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян маусым аралық үзіліс кезінде "Астананың" ойыншысы атанды. Ароян елордалық команданы неге таңдағаны туралы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты:
- "Астана" тарапынан қызығушылық туралы маған маусымның соңында "Тамбов" сапында жүргенде айтылды. Содан кейін маған бас бапкер Андрей Тихонов, одан соң Давид Лория қоңырау шалды. Құдайға шүкір, біз барлық мәселелер туралы келістік, мен "Астана" сапында өзімді өте жайлы сезінемін. Менде, одан бөлек Грекиядан, Кипрден, Израильден ұсыныстар болды, бірақ "Астананы" таңдадым, өйткені бұл - мәртебесі жоғары клуб, еурокубоктердің тұрақты қатысушысы және менің ауысуыма жаттықтырушының жеке қызығушылық білдіруі себеп болды.
- "Астанаға" келер алдында Тигран Барсегянмен сөйлестіңіз бе, клуб туралы ол не айтты?
- Әрине, онымен де сөйлестім, ол ел, қала, команда туралы көп нәрсе айтты.
- "Астанада" Тихоновтың басшылығымен жұмыс істеуден алған алғашқы әсеріңіз қандай?
- Алған әсерім өте жақсы, маған қазақстандық жас футболшылар ұнады, олар жаттығуда бар ынтасымен жұмыс істейді. Қазір біздің команда жоғары деңгейде өнер көрсетуде үлкен тәжірибесі бар футболшылардан және талантты жастардан құралған. Менің ойымша, осындай ойыншылардан құралған команданың жетістікке жетуге жақсы мүмкіндіктері бар.
- Сен "Астана Аренада" "Пюник" сапында "Астанаға" қарсы және Қазақстан құрамасына қарсы екі рет ойнадың. Қала, стадион қандай әсер қалдырды?
- Мен "Астана Аренада" үш рет ойнадым, ол Армения жастар құрамасының матчы болатын. Өте жақсы қала, заманауи стадион және де біз жастар құрамасымен болған ойында жеңіске жетіп, ал ұлттық құрама сапында тең ойнадық, маған өте қатты ұнады.
- Құраманың соңғы матчтарында капитандық белгімен шығып жүрдіңіз, сен үшін өз құрамңның капитаны болу деген нені білдіреді?
- Бұл мен үшін өте маңызды. Армения құрамасының капитаны болу мен үшін арман болды!
- "Астана" сапындағы алғашқы ресми матчыңыз - жаңа форматта өтіп жатқан Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалдық ойыны болуы мүмкін. Бұл формат саған ұнай ма және "Астананың" Суперкубоктегі мүмкіндігін қалай бағалайсың?
- Шынымды айтсам, мен елдегі Суперкубок ойындарының осындай форматта өткізілуін алғаш рет көріп отырмын. Барлық матчтар қызықты болады деп ойлаймын. Біз "Шахтермен" ойнаймыз, жеңіп, финалға шығуға тырысамыз, әрі қарай не болатынын көре жатармыз.
- "Астана" командасына ауысқаннан кейін алдыңа қандай міндеттер қойдың?
- Мен "Астана" командасының алдына тек жоғары міндеттер қоятын үлкен клуб екенін білемін. Менің міндетім - әрбір матчқа қатысу, командаға чемпионатта да, еурокубокте де жеңіске жетуге және мәселелерді шешуге көмектесу, бұл мен үшін де, команда үшін де өте маңызды.
- Командада қандай нөмірмен өнер көрсеткіңіз келеді?
- Мен үшін бұл өте маңызды мәселе емес. Бірақ мен құрамада 3-нөмірмен ойнаймын, "Астанада" осы нөмір бос болса, бұл жерде де сол нөмірмен ойнар едім.
Біздің серіктес: FONBET