Жарнама
Жарнама

Вардан Минасян: «Бабымызға қайта оралу үшін көп жұмыс жасап, келесі ойындарда жеңіске жетуіміз керек»

21.05.2021, 20:02
Жамбылдық клуб қатарынан төртінші матчта жеңіліске ұшырады.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» бас бапкері Вардан Минасян «Жетісумен» болған матч жайлы және командадағы жағдай туралы сөз қозғады:

- Вардан Размикұлы, соңғы матчта жеңіске жету үшін не жетіспеді?

- Жылдам гол соққанан кейін біздің қарқынымыз бәсеңдеді. Кейбір эпизодтарда немқұрайлы ойнадық. Бұлай жасауға болмайды, себебі футбол мұндай нәрселерді кешірмейді. Екінші таймда біз жеңіске ұмтылдық, бірақ жоқ жерден гол жіберіп алдық. Біз барымызды салдық, есепті теңестірдік, қайтадан болмашы жерден гол жіберіп алдық...

- Мүмкін қарсыласты дұрыс бағаламаған шығарсыздар? Немесе қарсылас сіздер үшін тосынсый жасады ма?

- Олай ойламаймын, ойынға дейін біз ойыншыларға «Жетісудың» турнир кестесіндегі позициясына қарамастан, әдемі футбол ойнайтын команда екеніне айттық және көптеген командалармен болған матчтарда олар өте жақсы өнер көрсетті. Бұл команда керемет футбол ойнайды. Және ешқандай тосынсыйлар болған жоқ. Біз қалай талдадық, олар солай ойнады.

- Мүмкін алдыңғы жеңілістерден кейін команда психологиялық тұрғыдан қиындықтарға тап болған шығар?

- Мен ақталғым келмейді, бірақ соңғы ойындарда біз жарақаттан көз ашпадық - бұл мені мазалайтын жалғыз нәрсе. Бұл бізге құрамды тұрақтандыруға мүмкіндік бермеді. Жеңілістерден кейін біз шынымен де сенімімізді жоғалттық. Футболда психология бірінші орында тұрады. Бабымызға қайта оралу үшін кейбір нәрселерді қайта қарап, көп жұмыс жасап, келесі ойындарда жеңіске жетуге тырысуымыз керек. Құдайға шүкір, қазір командада жарақат алғандар жоқ.

- «Таразды» алда сырт алаңда өтетін екі қиын ойын, содан кейін «Қайратпен» қиын кездесу күтіп тұр... Онда қалай ұпай жинайсыздар?

- Мен бұған дейін де айтқан болатынмын, және тәжірибе көрсеткендей, Лигада оңай ойындар мүлдем жоқ, бәрі өзінше қиын болып келеді. Біз дайындалып, бәрімен ойнауымыз керек, алаңға тек жеңіс туралы оймен шығуымыз керек. Ең бастысы, мен «Таразға» қатты алаңдайтын команданың шын жанкүйерлеріне алғыс айтқым келеді. Қиын-қыстау кезде команданы қолдаңыз, әсіресе қазіргі кезде, жергілікті жігіттер көп ойнап жатқанда және басшылық клубтың тәрбиеленушілері мен жас ойыншыларына сенеді. Оларға уақыт керек, ал олардың ойындағы қателіктері - бұл табиғи нәрсе. Команда ойнай алады және жігіттер оны өткен 8-9 ойын барысында көрсетті. Және әр ойында жеңіс үшін күреседі. Командамен бірге болыңыздар!

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров