Жарнама
Жарнама

Вардан Минасян мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

27.12.2021, 17:29
Жақын күндері нақты шешім қабылданбақ.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» бұрынғы бас бапкері Вардан Минасян жақын күндері жаңа жұмысқа орналасады, деп хабарлайды Sputnik Армения.

«Көп ұзамай Вардан Минасян жаңа клубта жұмыс істей бастайды. Қазақстаннан, Балтық елдерінің бірінен және Кипр мен Армениядан ұсыныстар бар. Қазір келіссөздер жүріп жатыр», — деп жазады дереккөз.

Еске сала кетейік, армениялық маман өткен маусымның басында «Таразға» келіп, Премьер-лигада 10-шы орынға ие болды және Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан еді.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров