Армениялық маман Вардан Минасян «Тараздан» кетуі жайлы пікір білдірді:
- Нәтиженің екі түрі болады, біріншісі - турнирлік кестедегі орын және таблодағы есеп. Бұл футболдағы ең маңызды нәрсе. Ал екіншісі – команданың алға жылжуы мен жекелеген ойыншылардың өсуі. Осы тұрғыдан алғанда мен клубта ілгерілеушілік барын байқадым. Алғашқы 9-10 турда 2-3 орындарға ие болдық, кейін қаржы мәселесі туындады.
Командада 25 ойыншы бар, проблемаларды әркім әртүрлі түсінеді және әртүрлі әрекет етеді, мұндай жағдайда жаттықтырушы қосымша қиындықтарға тап болады. Әкім бізге 1-ші айналымды алғашқы алтылықта аяқтау міндетін қойды. Бұл біздің қолымыздан келді. Қазақстан кубогінде де мүмкіндігінше алға жылжу керек болды және біз ширек финалға дейін жеттік. Команда соңғы сәтке дейін берілген тапсырмаларды орындады. 4 тур қалған еді, 2 ойында жеңіске жетсек, 5-6 орындардан көрінетін едік. Биыл клуб Премьер-лигада қалу құқығы үшін емес, жоғарғы орындар үшін күресті. Басшылық наразы болған жоқ, бірақ менің көңілім толмады, өйткені мен әрқашан жоғары мақсаттарға ұмтыламын.
– Нәтиже қанағаттанарлық болса, олар неге өз міндеттерін орындамады?
– Мені ұжымның қалыпты өмір сүруі қызықтырды. Ойыншылардан бірдеңе талап ету үшін оларға жақсы жағдай жасауымыз керек. Жоғары нәтижеге жету үшін клубты жақсы көруіміз керек, ал клуб басшылығы өз міндеттерін орындауы керек. Екеуінің қосындысы прогресстің алғышарты болып табылады. Бұрындары футболшылар өз клубына деген сүйіспеншілігі үшін ғана ойнайтын. Бірақ қазір олай емес. Спорттық мансап қысқа, ешкім өмір бойы ойнай алмайды.
– Сіздің жұмыстан кететініңіз қашан белгілі болды?
- Мамыр айында мәселелер туындады, бірақ біз оларды қалай болса да реттеуге тырыстық. Тіпті, ойыншылардың алаңға шыққысы келмеді. Оларға әртүрлі уәделер берілді, бірақ тамызда жағдай қайталанды. Команда турнирлік кестенің ортасында тұрғанда мен кетуге мәжбүр болдым. Нәтижеге әсер ету менің қолымнан келмейтінін түсіндім. Себебі менің сөздерім белгілі себептермен тиісті адамдарға жетпеді. Мен ойыншыларды кінәламадым, себебі олардың жағдайын толық түсіндім. Сол сәтте командаға берер ештеңем жоқ екенін сезіндім.
Біздің серіктес: FONBET