Жарнама
Жарнама

Вардан Минасян: «Ойын барысында «жақсы қорғаныс - шабуыл» деген тұжырымды ұмытып кеттік»

16.03.2021, 00:30
Аталған матчта бес бірдей гол соғылды.
Жарнама
Жарнама

"Тараздың" бас бапкері Вардан Минасян "Қайсармен" болған ойын туралы пікір білдірді.

- Алаңға негізгі құрам қатарында сегіз жергілікті ойыншы шықты. Матч басы таңқаларлық басталды...

- Ойын біз күткендей қиын өтті. Бірінші матч болғандықтан ойыншыларда психологиялық қысым болатыны түсінікті. Сол себепті бірінші таймның жартысына дейін ойыншылардың толқынысы байқалды. Бірақ кейіннен бәрі өз орнына келді.

- Екі тайм әртүрлі болды дегенге келісесіз бе?

- Ойын деңгейі бойынша маған бірінші тайм қатты ұнады. Екі гол жіберіп алсақ та өз ойынымызды таба білдік. Екінші таймда есептегі басымдықты уыстан шығарып алмайық деп қорғанысқа көп мән бердік. Бірақ "жақсы қорғаныс ол - шабуыл" деген тұжырымды естен шығардық. Ұрымтал сәттердің бірінде қарсылас есепті теңестіріп кете жаздады. Сол себепті қарсалысты айып алаңы маңында емес, алаң орталығында күтіп алуымыз керек еді деп ойлаймын.

- Қорытынды есепке көңіліңіз тола ма?

- Иә, кейбір жекелеген сәттерге қарамастан, жеңіске жеттік. Футболда маңыздысы - қорытынды нәтиже. Біз өз қателіктерімізді білеміз және оны алаңда көрдік. Сол бойынша жұмыс жүргіземіз.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров