Жарнама
Жарнама

Вардан Минасян: «Қазақстан Кубогі үшін күресеміз»

18.07.2021, 20:25
«Тараз» келесі маусымда еурокубокте ойнау үшін барын салады.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» бас бапкері «Мақтаарал» командасымен өткен ойыннан кейін клубтың баспасөз қызметіне пікір білдірді.

- Кездесу күткендей-ақ оңай болмаған секілді...

- Керемет сапалы ойын көрсетпесек те жеңіске жеттік. Мұны шеберлік деңгейінің арқасында деуге болады. Дегенмен қарсылас команда тактикалық тұрғыда мықты, ұйымдасқан ұжым екенін көрсетті. Бұл жерде ойнау барлық командаларға оңайға соқпайды. Бастысы үш ұпайды еншіледік. 

- Кездесуге Елдос Ахметов, Коджо және бірқатар ойыншылар қатыспады ғой…

- Ахметов жарақатынан айығып жатыр. Ал Коджо регламентке байланысты қатыспады. Бірінші лига командаларымен мачтта тек үш легионерге ойнауға рұқсат. Сол себепті ол ойыннан тыс қалды. 

- Ненадович ойында алғашқы голын соқты. Ол Педроны толыққанды алмастыра алады деп ойлайсыз ба?

- Ол шабуылшы. Мүмкіндіктер тудырып, гол соғу – оның тікелей міндеті. Ол командаға тез бой үйретіп, өте маңызды ойыншы болады деп үміттенеміз.

- «Тараз» Кубоктік бәсекеде қандай мақсат қойып отыр? Кубок команда үшін қаншалықты маңызды?

- Кубокті жеңу дегеніміз – келесі маусымда еурокубоктік бәсекелерге қатысу деген сөз. Біз сол үшін күресеміз.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров