Жарнама
Жарнама

Вардан Минасян: «Тараз» жамбылдық мінез көрсетті»

04.10.2021, 22:19
Жамбылдық клуб 97-минутта гол соғып, бір ұпайға ие болған еді.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» бас бапкері Вардан Минасян «Атырау» командасымен өткен ойын (2:2) туралы пікір білдірді. 

- Осындай ойын болады деп күттіңіз бе? 

- Шынында эмоцияға толы, көрермен үшін қызықты матч болды. Қос команда да қорғаныста жатып алмай, жеңіске жету үшін алға ұмтылды. Ашық мәнердегі ойында гол соғатын мүмкіндіктер жиі кездеседі. Қорытынды нәтиже заңды деп ойлаймын. 

- Негізгі уақытқа қосылған қосымша минутта ойынды құтқаруға болатынына сендіңіз бе? 

- Өте қатты үміттендім. «Тараз» жамбылдық мінез көрсетті. Соның арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров