Жарнама
Жарнама

Васильев Қазақстанға ойнағысы келмейді. Неге?

18.05.2020, 22:39
Қазақстан құрамасының ойыншысы атану ол үшін абырой емес.
Жарнама
Жарнама

Қазір Беларусь біріншілігін әлем біледі. Пандемияға қарамастан біріншілігін тоқтатпаған Еуропадағы жалғыз ел. Қазақстандық жанкүйерлердің назары Брест қаласының «Рух» командасына ауғаны анық. Клубтың аты ғана тілге жақын емес. Сонымен қатар, команда сапында бір жерлесіміз де ойнайды. Қарағандылық Владислав Васильев биылғы маусымнан бастап, «Рухдың» жейдесін киді. Жартылай қорғаушы өткен жылы Бресттің «Динамосында» доп теуіп, беларусь чемпионы атанды. Жерлесіміз жаңа команда сапындағы аяқ алысы жайлы біздің бағдарламаға сұхбат берген еді. Тілдесу барысында ол Александр Седнёв пен Андрей Ферапонтовтың осы ауыс-түйіске қаншалықты қатысы болғанын да айтып береді.

Владислав ВАСИЛЬЕВ - «РУХ» ФК жартылай қорғаушысы

Жаңа ортаға бойым үйреніп келеді. Тіпті ұжымға тез сіңісіп кеттім десем болады. Қала маған бұрыннан таныс. Командада Александр Седнёв пен Андрей Ферапонтовтың болуы менің осы клубқа ауысуыма өз әсерін тигізді.

Васильевтің жаңа командасы жайлы аз-кем әңгіме. «Рух» іргесі енді қаланған жас команда. Клуб 2016 жылы Брест «Динамосы» фанаттарының базасында құрылды. Айналасы төрт жылдың ішінде команда облыстық лигадан беларус футболының элитасына дейін көтерілді. Қазір турнир кестесінің бел ортасында келеді. Клуб әр ойында жеңіске жетуге ұмтылады. Әзірге көздеген жоспар орындалып жатқан секілді. Команда жыл жаңалығы атануы да ғажап емес. Гродненскінің «Неманымен» болған матчта Васильев қарсыластар қақпасына гол соғып, нәтижелі пасымен көзге түсті әрі турдың таңдаулылар құрамына енді. Осы ойында ол алаңнан да қуылды.

Владислав ВАСИЛЬЕВ - «РУХ» ФК жартылай қорғаушысы

Алаңнан қуылған соң, қобалжыдым. Қарсылас есепті теңестіріп кете ме деген ойда болдым. Киім ауыстыратын бөлмеге жеткенше, екіұдай сезімге беріліп, алаңдадым. Қатты өкіндім.

Васильев туралы отандық ақпарат құралдары жиі жазады. Тіпті Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билектің осы ойыншыға назар аударуын тілге тиек етеді. Футболшы да шақырту күтіп жүргенін жасырмайды. Қарағанды жігіті жастар мен жасөспірімдер құрамасының барлық сатысынан өтті. Үкіметтік деңгейдегі «Оле-Бразил» бағдарламасының түлегі екені де белгілі. Беларусь елінде жартылай қорғаушы үш жылдан бері доп тебеді. Қазір ол футбол мамандары мен жанкүйерлердің назарына жиі түсіп жүр.

Владислав ВАСИЛЬЕВ - «РУХ» ФК жартылай қорғаушысы

Қазақстанда менің ойынымды көретініне қуаныштымын. Әрине, қазір біздің чемпионат қана өтіп жатыр ғой. Енді өзге лигалар да біртіндеп, қалыпты өмірге оралады. Қазақстан біріншілігі де футболды бастайтын күн алыс емес секілді. Айдың аяғында белгілі болып қалар.

Васильев қазір 23 жаста. Бұл ойыншының толыққанды қалыптасқан шағы саналады. Шын шеберлер осы кезде өзін көрсетеді. Владислав Васильевтің жасыл алаңдағы жолы жарқын болады деген үміттеміз. Осы сұхбат барысында бейнематериалдар ұсынған «Рух» клубының баспасөз қызметіне де алғыс айтамыз.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров