17 шілде күні “Реал Мадрид” клубы Лукас Васкеске арнап қоштасу және құрмет көрсету рәсімін өткізді. Алайда сол шараға негізгі құрамнан тек Килиан Мбаппе мен Андрей Лунин ғана қатысқан.
Француз БАҚ-тарының жазуынша:
“Қазіргі негізгі құрамдағы ойыншылардың ішінде тек Килиан Мбаппе мен Лунин ғана келді. Бұл жағдай жанкүйерлерді қатты ренжітті, себебі Васкес командаластар арасында әрқашан ерекше құрметке ие ойыншы ретінде сипатталып келді. Ең бастысы, бұл оқиға клуб ішіндегі ауызбіршіліктің жоқтығын, бөлінудің бар екенін көрсетіп отыр.”
Испаниялық БАҚ-та да осыған ұқсас пікірлер айтылды. Mundo Deportivo былай деп жазды:
“Лукас Васкеске арналған қоштасу рәсіміне негізгі құрамнан тек екі ойыншы – Лунин мен Мбаппе ғана келді. Екеуі де демалыстарын үзуден тартынбай, клубтың символына айналған ойыншыға құрмет көрсетті. Әсіресе, Мбаппенің келуі таңғаларлық жайт болды, себебі ол Васкеспен небәрі бір жыл ғана бірге ойнады.”
Біздің серіктес: FONBET