Жарнама
Жарнама

Ваxид Масудов: "Астана" мен "Ақжайық" екі деңгейлес команда

18.03.2017, 04:17
Жарнама
Жарнама
- Бүгінгі ойында көптеген голдар соғылды. Көрермендерге қызық болды деген ойдамын. Өкінішке орай, "Астана" мен "Ақжайық" екі деңгейлес командалар. Біз тең нәтижелі ойын көрсетсек деп жоспарлаған едік, алайда, алаң иелері жылдам екі гол салғаннан кейін, ойынды қайта өз бабына келтіру бізге қиынға соқты. Әрине бұл бізге сабақ болды, әр сабақтағы қателіктерді жою қажет, біз соған тырысамыз. - Осы маусымға деген команданың қандай жоcпарлары бар? - Былтырғы жылы "Ақжайық" ғажайыппен Премьер-лигадан қош айтыспаған болатын. Біз құрамды сақтап қалғымыз келді, бірақ, қаржы жағынан мүмкіншілік болмады. Дегенмен, біз оған қарамастан, турнирлік кестеде жоғары туруға бар мүмкіншілікті жасаймыз. - Трансфер соңына дейін команда әлі де күшейтілеме? - Қорғаушылар тарапынан бізде проблемалар бар, бірақ, күшейтуге тырасамыз. Жаңадан ойыншылар алу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді, десекте, қатарымызға жаңа ойыншы іздеудеміз. - "Астананы" былтырғы жылмен салыстырсақ, айырмашылық бар ма? - Сөз жоқ, "Астананың" деңгейі керемет. Бәлкім "Астана" ойыншылары әлі де болса өз бабтарына толыққанды келмеген шығар, алайда, алдағы 2-3 турда былтырғы "Астананы" көретініміз анық.   Баян Қабден
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
"Аладоп". 3-шығарылым
Келесі жаңалық
Тағы жеңіліс...