Жарнама
Жарнама

Вегастағы Грилиш: Түнгі клубтың VIP қонағы болуға 100 мың доллар жаратқан, сауық кеш кезінде 116 шампанға тапсырыс берген

26.06.2022, 19:46
Джектің сенімді серіктері Деклан Райс пен Эндрю Робертсонда аты шулы кеште болған.
Жарнама
Жарнама

Вегасқа сегіз досын ертіп алған вингердің папарация назарына ілінбей кетуі екі талай еді. Грилиштің сегіз досының бірі сауық кештерге жол тартпай тұрып пост жазыпты. "Маған сәттілік тілеп қойыңыздар", - деп қысқа қайырған Найг Дуглас көңіл көтеру артында бір қызықтың боларына нұсқап тұрғандай.

Назарларыңызға түскен алғашқы кадрда Джек және оның достары автобуста сигара шегіп, би билеуде. Одан кейін қонақ үйде тұрақтаған партимендер үндістердің қалпағын киіп, тыржалаңаш күйде қилтимада қыр көрсетті.


Атын шықпаса жер өрте

"ZOUK" түңгі клубына тартқан Джек Грилиш жиналған қауымға өздерін таныстыру мақсатында LED-экранға суреттерін шығарған.


Джектен бөлек демалған Деклан

Түңгі клубта бикешпен көңіл көтерген Деклан Райс бұл кеште өзін джентельмен қырынан көрсетіпті.


Танымал болсаң тыным жоқ

Аяқдопшының артынан тыңшылық жасаған The Sun спорттық журналының мәліметінше, Вингер 100 мың доллар тұратын VIP өткізбе құжатын сатып алған. Көңіл көтеруші таптың ішкен шампандарының сандары 116 жеткенін хабарлаған дәл осы журнал етін.


 

Айтқанға сенбе, көргенге сен

Клубта көңіл көтерген куәгердің пікірі: «Жігіттер шулап көңіл көтерді. Джектің қарамағына жиналған қыздар қауымы көп болды. Олар шампан, сыра ішіп, би биледі. Соларға қарап, британдықтардың классикалық көңіл көтеруі деген тақырыпта сюжетте түсірсе болушы еді».

 

Әлеуметтік желі әлегі

Екі аяғын талтайып әрең тұрған футболшы, түңгі клубтан шығарда камера тұзағына түсіп қалыпты. Кейіннен осы фото әлеуметтік желіге жарияланып, қызу талқыға түседі.


Третий лишний

 Грилиш түңгі клубтан жалға алған автобуспен кеткен. Құшағында қыз болған футболшы 16 жастан кездесіп жүрген Саша Этвудқа айтар сылтау дайындай беруі керек секілді. Айтпақшы, папарация өкілдері Сашаны Вегастан көрмепті.


Суреттегі Саша Эштвуд


Қонақ үйде қомданған күзетшілер

Футболшының қауіпсіздігін баса назарға алған күзетшілер Джектің жанынан шықпаған қыздардың ұялы байланыс нөмірлерін жазып алыпты.


Шотландиялық виски болмасада, шотландиялық ойыншы бар сауық кеш

Мына бір суретте Эндрю Робертсонның бассейндегі сауық кеште бой көрсеткенін көріп отырмыз.


Қалауын тапса, қар жанар

Салқын сыраны жылытудың жаңа технологиясын ойлап тапқан Грилиш, Нобель сыйлығына үміттімін дейді.


Тойдың болғанынан боладысы қызық

"Манчестер Сити" ойыншысының достары болса, 3 литрлік қымбат шарапты тамақтарынан шашалғанша дейін құйып күлкіге қалды.


Сөз тапқанға қолқа жоқ

Мынау бір демалысынан кейін ойыншының мәлімдеме жасауға беті бармайтын шығар. Ибицада есін білместей қыдырған Грилиш мамыр айында былай деп жауап қатып еді:

"Мен ең қымбат ағылшындық ойыншымын. Мен Солихаллдық Джекпін. Білемін, менің қыдырысыма байланысты қатты пікірлер айтылғанын. "Өзіне көп алған жоқпа?", - дейді. Несі бар, өзім білем көп алсамда! Мен Премьер-Лиганы жеңіп алдым. Бұл орындалған арман. Неліктен осыған байланысты жақсы демалмасқа?"

Көбеев Мұхаммедқали



Z


z8QEp8mOcLKxwAAAABJRU5ErkJggg==


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров