Жарнама
Жарнама

Венесуэла мен Эквадор құрамалары ұпай бөлісті

21.06.2021, 13:46
Венесуэла матч соңында бір ұпайды жұлып алды.
Жарнама
Жарнама

Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) "Олимпико Нилтон Сантос - Энженьян" стадионында Венесуэла мен Эквадор құрамалары арасындағы Америка Кубогінің үшінші турының матчы өтті. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Есепті тек бірінші таймның аяғында эквадорлық шабуылшы Эдуард Пресьядо ашты, 51-минутта Венесуэла ойыншылары Эдсон Кастильоның арқасында таразы басын теңестірді, ал 20 минуттан кейін Гонсало Плата Эквадорды қайтадан алға шығарды. Алайда, Венесуэла матч соңында Рональд Эрнандестің күшімен бір ұпайға қол жеткізді.


В тобында Бразилия (6) көш бастап тұр, одан кейін сәйкесінше Колумбия (4), Венесуэла (2), Эквадор (1) және Перу (0) құрамалары орналасқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров