"Монако" футбол клубының басшылары Арсен Венгерге керемет ұсыныс тастап отыр. Француз бапкеріне клуб иелері осы жақында ған келіп жолығып кетіпті. Ал оның алдында 3 ай бұрын Венгердің өзі Францияда болған кезде клуб президентімен келіссөздер жүргізген екен. "Арсеналдың" бапкері өз жұмысын тастап кетуі ықтимал деген ақпараттардың пайда болуының бекер еместігі осыдан. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтынын білесіздер.
Бірақ, биылғы жылдың мамыр айында Венгер "зеңбірекшілермен" келісім-шартты тағы 3 жылға ұзартқан болатын. Ол сол 3 жылда 24 миллион доллар жалақы алады. Ал енді әр жылға 10 миллион доллар береміз деп отырған "Монаконың" ұсынысына Арсен бапкер қандай жауап берері қызық болып тұр.