Жарнама
Жарнама

Венгрия Франциядан ұпай тартып алды

20.06.2021, 01:55
Венгрия Еуропа чемпионатындағы алғашқы сенсацияны жасады.
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 19 маусымда Венгрия мен Франция құрамалары арасындағы матч өтті. Еуропа чемпионатының екінші турындағы кездесу Будапешттегі (Венгрия) "Пушкаш Арена" стадионында өтіп, тең есеппен аяқталды - 1:1.

Бұл матчтағы алғашқы гол бірінші таймның соңында соғылды. Венгрия қорғаушысы Аттила Фиола сәтті қақпаның дақын бұрышын дәл көздеді. 66-минутта, француз шабуылшысы Антуан Гризманн есепті теңестірді. Айта кету керек, француздар осы уақытқа дейін Еуропа чемпионатында венгрлерді жеңіп көрмеген. Ал "Астананың" экс-жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер матчтың үздік ойыншысы атанды.

Осылайша, Франция 4 ұпай жинап, F тобында бірінші орынға шықты. Венгрия бір ұпаймен ең соңғы орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров