Жарнама
Жарнама

«Верона» - «Монца» матчына болжам

21.10.2024, 14:25

Бұл екі команда А Сериясының сегізінші турын түйіндейді.

"Вероналық" футболшылар голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Паоло Дзанеттидің клубы чемпионаттың басын сәтті өткізуде. Вероналық футболшылар жеті турдан кейін 12-орында келеді. Құрамы мен бюджеті жөнінен шағын клуб үшін бұл тәп-тәуір көрсеткіш. «Веронаның» ең мықты тұсы әрине шабуыл: 7 кездесуде 12 гол. Бұл позицияда «Бенфикадан» жалға алынған даниялық форвард Каспер Тенгстедтің нәтижелілігін айту керек. Сұрмерген алғашқы турларда үш рет мергендік танытып, әзірге «Веронаның» үздік шабуылшысы атанып отыр. Сондай-ақ, ұжымның өз алаңында жақсы ойнайтынын да қоса кеткен жөн. Команда қоржынындағы 9 ұпайдың алтауын өзінің алаңында олжалаған.

«Монцаның» жағдайы қиынырақ. Алессандро Неста бапкер ретінде әзірге өзін жақсы қырынан таныта алар емес. Төрт-ақ ұпай еншілеген команда ең соңғы орындардың біріне жайғасқан (19-орын). «Монцаның» керісінше шабуыл шебімен әлсіз көрінеді. Команда жеті ойында қарсыластарының қақпасынан небары 5-ақ рет саңылау таба алды. Бұл көрсеткіш бойынша тек 3 доп соққан «Леччеден» ғана алда тұр. Ең позитивті тұсы - Нестаның командасы турнирдің басты фавориттері саналатын «Интер», «Рома» мен «Фиорентиналарға» тегеурінді қарсылық танытып, ұпай бөлісе алуы ғана.

Сонымен, біздің бұл ойынға ұсынатын нұсқамыз – екі команданың голымен байланысты. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі бұған 1.95 коэфициент беруде.

Мұны азсынсаңыз мынадай нұсқа бар – екінші таймның тоталы 1.5-нан көп деген. Командалар А Сериясына тән дәстүрге салып алып, бірінші таймды жабық өткізуі мүмкін ғой. Ал үзілістен кейін екі тараптың бірі гол салған жағдайда, бұл нұсқаның ойнап кетуі ғажап емес. Бұл әрине, біздің жорамалымыз ғана, шешім қабылдайтын сіздер. Дегенмен, бәрібір де тәуекелге бел буамын десеңіздер екінші таймның тоталы 1.5 көп деген нұсқаға біздің серікстестің 2.50 коэфициент беріп тұрғанын ескерте кетеміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров