Жарнама
Жарнама

«Вест Хэм» марокколық қорғаушымен толықты

19.06.2022, 18:24
Англиялық клуб футболшы үшін 35 миллион еуро төлейді.
Жарнама
Жарнама

«Ренн» қорғаушысы Найеф Агерд «Вест Хэммен» келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, лондондық клуб жақын арада 26 жастағы марокколық ойыншының ауысқанын жариялайтын болады. Трансфер құны шамамен 35 миллион еуроны құрайды.

Өткен маусымда Агерд 40 матчқа қатысып, 4 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 12 миллион еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров