Жарнама
Жарнама

Вячеслав Эрбес: “Ұлттық құрама үшін қазір ойын өрнегінен гөрі, жеңіс дәмін сезіну маңыздырақ”

01.04.2026, 19:47

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес FIFA Series турнирінің қорытындысы мен Комор аралдарына қарсы өткен кездесу туралы ойын ортаға салды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Маманның айтуынша, жаңа турнир Қазақстан үшін сәтті аяқталғанымен, ұйымдастыру деңгейіндегі кейбір кемшіліктер байқалған.

"Ең алдымен, бұл додада VAR жүйесінің болмағанын айта кеткен жөн. Кейбір даулы сәттерде бейнеқайталау төрешілерінің көмегі қажет-ақ еді. Десе де, Намибия мен Комор аралдары сияқты қарсыластарды жеңу – біздің құрама үшін міндетті нәтиже болатын.” — дейді Эрбес Sports.kz сайтына берген сұхбатында.

Эрбес құраманың ойыны аса тартымды болмаса да, қазіргі таңда команда үшін психологиялық сенімділіктің маңызы жоғары екенін атап өтті:

"Командаға өз күшіне сену үшін кез келген жеңіс ауадай қажет. Ойынның басында қарсылас қақпашының қателігін ұтымды пайдаланып, есеп ашу — ең жақсы сценарий болды. Қонақтардың негізгі құрамы мен басты қақпашысы келмегенімен, бұл Қазақстанды толғандырмауы тиіс болатын. Біздің жігіттер өз алдына қойылған міндетті орындады."

Сарапшының пікірінше, тез соғылған гол матчтың барысына тікелей әсер еткен. Егер есеп ерте ашылмағанда, Қазақстан тізгінді өз қолында ұстап, допқа көбірек иелік етер еді.

"Комор аралдары допқа көбірек иелік еткенімен, шын мәнінде қауіпті ештеңе жасай алған жоқ. Тек екі жағдайда біздің қақпашылардың шығуы кезіндегі түсініспеушіліктен қауіп төнді. Қазақстан есепті еселейтін бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ есепті ұстап тұру үшін көбіне қарсыластың қателігін күтіп, қарымта шабуылға иек артты.” — деп қорытындылады маман.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров