Петропавлдық “Қызылжар” экс-футболшы Вячеслав Колоданы клубтың спорт директоры қызметіне тағайындады.
52 жастағы Вячеслав Геннадиұлы осы уақытқа дейін қызыл-қаралар клубының футбол орталығында басшы болды. Сонымен қатар, футболдық мансабында Колода “Есіл-Богатырь” және “Аксес Голдейн Грейс” сапында доп тепті.
Вячеславқа дейін директорлық қызметте Максим Зуев жұмыс атқарды. Ол осы маусымның басында тағайындалған болатын. Бұған дейін Зуев “Факел” командасының футбол орталығында еңбек етті.
Біздің серіктес: FONBET