2023/24 жылғы маусымда ел чемпионы атанған футболшы ақ-қызылдарға керек болмай қалды.
Еске салсақ, 24 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы “Ақтөбеге” осы жылдың жаз айында шымкенттік Ордабасыдан ауысып келген болатын. Сол уақыттан бері Швырев 17 матч өткізіп, ешқандай нәтижелі әрекет тіркей алмады.
"Қайрат" ФК түлегі саналатын Вячеслав ішкі чемпионатта оралдың “Ақжайығында” да өнер көрсетіп қайтты.
Швырев өз мансабындағы ең сәтті маусымдарының бірін “Қайрат-Мәскеу” сапында өткізді. Онда ол 17 ойында, 9 гол соғып, 4 голдық пас берді. Сол арқылы ҚПЛ топ клубтарының біразының назарын өзіне аударды.
Біздің серіктес: FONBET