Қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырев мансабының Шымкенттік "Ордабасында" өткен кезеңі туралы ашық айтып, өкінішін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жақында ғана өткен бұрынғы клубына қарсы кездесу туралы сөз қозғаған футболшы, бұл ойынға ерекше мән бермегенін жеткізді. Оның айтуынша, Шымкент ұжымымен арада ешқандай эмоционалды байланыс қалмаған.
"Ордабасыға” қарсы ойынға ешқандай толқусыз, суыққандылықпен шықтым. Бұл мен үшін принципті кездесу болған жоқ. Шынымды айтсам, қазір ол клуб туралы тіпті ойламаймын да.” — деді Швырев CAMERAMAN подкастында берген сұхбатында.
Футболшы "Ордабасы" сапында жүрген кезінде өзін көрсетуге мүмкіндік алмағанын, бұл уақыттың оң нәтиже бермегенін жасырмады.
Вячеслав Шымкентте негізгі құрамға іліге алмай, қосалқы құрамда көп отырып қалғанына ренжулі. Ол бұл клубқа ауысуын қателік деп санайды.
"Шынын айтсам, ол жақта ойнағаныма өкінемін. Себебі, мен ол клубта дұрыс ойнаған да жоқпын.” — деп түйіндеді сөзін футболшы.
Біздің серіктес: FONBET