Жарнама
Жарнама

Видаль «Барселонамен» келісімшартын бұзды

15.09.2020, 23:33
Конте бір сөзінде Видальмен бірге соғысқа баруға дайын екенін айтқан болатын.
Жарнама
Жарнама

Чилилік жартылай қорғаушы Артуро Видаль енді «Барселонаның» ойыншысы емес, деп хабарлады Marca басылымы.

Газеттің хабарлауынша, 14 қыркүйек күні футболшы каталондық клубпен келісімшартты бұзған. Видаль бүгін таңертең базаға келіп, заттарын алып, командаластарымен қоштасты.

Түстен кейін Артуро "Интерге" ауысуын аяқтау үшін Миланға аттанды. Осылайша, жартылай қорғаушы Антонио Контенің командасына еркін агент ретінде қосылады.

Бұған дейін Видальдың «Интермен» келісімшарт туралы келісіп қойғаны хабарланған болатын. Оның жылдық жалақысы бонустарды есептемегенде 6 миллион еуроны құрайды, келісім 2022 жылға дейін есептелген.

Артуро «Барселонаның» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді және оған дейін «Бавария», «Ювентус», «Байер» және «Коло Коло» клубтарында ойнаған. Ол Чили құрамасына 2007 жылдан бастап шақыртылып келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров