Жарнама
Жарнама

Видаль: «Бравомен ешқашан дос болмаймын»

31.08.2020, 18:38
Екеуі Чили құрамасында бірге өнер көрсетеді.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Артуро Видаль бір күн бұрын «Бетиспен» келісімшартқа отырған отандасы Клаудио Бравомен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Мен әріптестерімді құрметтеймін. Біз жеңген кезде бәріміз доспыз, бірақ жеңілген кезде кейбір адамдардың достығы бұзылып кетеді. Мен мұны түсінбеймін.

Біз енді ешқашан дос болмаймыз, бірақ ұлттық құрама үшін бірге еш қиындықсыз ойнаймыз. Біз бұл үшін барымызды саламыз. Футболда бәрі бірдей дос бола бермейді», - деді Видаль.

Видаль мен Браво әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бразилиядан ұтылып (0:3) қалған болатын. 2017 жылғы сол матчтан кейін Бравоның әйелі ұлттық құраманың кейбір ойыншыларын, соның ішінде Видальды матчқа дайындалудың орнына көңіл көтерді деп айыптады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров