«Қайсардың» бас бапкері Виктор Кумыков Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңгеннен кейін матчқа қатысты пікір білдірді.
— Біз үшін өте ауыр матч болды. Оның үстіне қарсылас та оңай команда емес. Олардан жыл сайын өз алаңымызда ұтылып жүрдік. Енді міне, ақыры жеңдік. Ең бастысы нәтижеге қол жеткіздік. Ал қалғаны…
Трансферлер туралы? Өздеріңіз ойланып көріңіздерші, бізге кім келмек? «Астанадан» ба, Алматыдан ба, әлде «Тобылдан» келе ме? Қайда тағы мықты ойыншылар бар? Бір кездері «Қайсар» өте бай клуб болғанда келетін. Ал қазір клуб кедей, қарызға батқан… Кім келеді ондай жерге? Топ-футболшылар ма? Оларға ақша төлеу керек қой, — деді Кумыков ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Біздің серіктес: FONBET