Жарнама
Жарнама

Виктор Кумыков: Қазір «Селтикпен» жақсы таныс емеспін, алайда, «Қайраттың» сол кездегі «Шахтерға» қарағанды мүмкіндігі жоғары

19.08.2025, 11:59

«Қайсардың» бас бапкері Виктор Кумыков ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» - «Селтик» жұбының жеңімпазы мен алматылық клубтың мүмкіндігі туралы пікірімен бөлісті.

"Шахтер" - "Селтик" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, ресейлік маман кезінде өзі жаттықтырған қарағандының «Шахтері» мен шотландиялық топ-клубтың бәсекелестігін де еске алған болатын.

«Слованмен» салыстырғанда «Селтикпен» қиындау болады, әсіресе, сырт алаңда. Үйде мүмкіндік бар, бірақ мұнда көп дүние Глазгодағы матчқа байланысты болады. Ол қазір ғой біздің командаларымыздың топтық кезеңге тұрақты шығатынына көпшіліктің еті үйреніп алған. Ал ол кезде бұл алғаш рет еді. Өз алаңымызда «Селтикті» қапы қалдырған болатынбыз. Глазгода күшіміз жеткен жоқ, бұған «Қайратпен» болған қиын ойын, ұшақпен 16 сағаттық сапар мен қарсылас стадионындағы қысым өзінің ықпалын тигізген. Қосымша уақытта екі гол жіберіп алдық. Қазір «Селтикпен» жақсы таныс емеспін, алайда, «Қайраттың» сол кездегі «Шахтерға» қарағанды мүмкіндігі жоғары деп есептеймін. Алматылықтардың тәжірибесі көбірек» - деді В. Кумыков Meta-ratings.kz.-ке берген сұқбатында. 

Командалардың бірінші ойыны ертең Шотландия жерінде болады. Жауап матч 26-тамызда Алматыда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров