Жарнама
Жарнама

Виктор Пасулько "Ягодинадан" сескенеді

12.07.2012, 07:36
Жарнама
Жарнама
Алматыға аяқ басқан "Ордабасы" футбол клубы жанкүйерлеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, бас бапкері Виктор Пасулько журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берді. - Сербиядағы ойын біз үшін сәтті өтті. Қақпамызға гол жіберіп алмай, қарсылас қорғанысын бір рет тестік. Бұл да ерлік. Сол үшін жігіттерге ризамын. Дегенмен, бүгінгі ойынның алдында да екі команданың келесі кезеңге шығуы 50/50 пайыз. - "Ягодинаның" қай қапталы мықты екен: қорғанысы ма, әлде шабуылы ма? Немесе қай ойыншысы ұнады? - Бұл команданың қорғанысы да, шабуылы да бір-бірімен керемет үйлесіп тұр. Кемшілігін білдірмейтін ұжымдардың бірі екен. Бізге олармен ойнау оңай болған жоқ. - Егер "Ягодина" Қазақстан премьер-лигасында ойнаса, қай орыннан көрінер еді? - Шынын айтсам, "Ордабасымен" әлеуеті бірдей. Бізбен деңгейлес ұжым. - Түзде ұттыңыздар. Енді жігіттерде ертең қарсыласын бағаламау, менсінбеу деген болмай ма? - Жоқ, бәрі де тек жеңіске құлшынып отыр. "Түзде жеңгенбіз. Өз жерімізде тең есеп те жетеді" деп отыра берсек, опық жейтініміз анық. Сондықтан, бірінші кезекте шабуылға көңіл бөлетін боламыз. - Командада жарақат алған футболшылар бар ма? - Өкінішке қарай, кешегі жаттығуда Гафур Сүйімбаевпен қақтығысып қалған Қайрат Әшірбеков жарақат алып қалды. Ертеңгі ойынға қатыса алмайды. - Енді ертен команданы капитан ретінде кім бастап шықпақ? - Бізде екі вице-капитан бар: Андрей Карпович пен Артем Касьянов. Капитандық таспаны екеуінің біреуіне береміз. - Мұхтар Мұхтаров командаға қайта оралыпты... - Бірақ ертең Мухтар алаңға шықпайды. Құжаттарын реттестірудеміз. Чемпионаттың алдағы турында ойнайды. Егер Еуропа лигасында келесі кезеңге өтіп жатсақ, Мұхтаровтың көмегіне жүгіне аламыз. - Ал Фархадбек Ырысметовтың клубтан кетуі команданы әлсіретіп жіберген жоқ па? - Фараға "Ордабасыда" өзге қорғаушылармен бәсекелесу қиын болды. Жасы да келіп қалды ғой. Ылғи қосалқы құрамда отыру ондай ойыншыға жараспайды. Сөйтіп, "Сұңқар" сапына ауыссам деп өзі ықылас білдірді. Хош көрдік. Бізде дарынды қорғаушылар жетерлік. - Жалпы "Ордабасы" Еуропа лигасында қай межеге дейін жете алады? - "Ягодинаны" айналып өтейік. Қалғанын артынан көре жатармыз. алаш арена
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров