«Челсидің» шабуылшысы Виллиан мансабын «Арсеналда» жалғастыруы мүмкін. ESPN хабарлағандай, 31 жастағы бразилиялық футболшы «Арсенал» командасымен үш жылдық келісімшартқа отырады.
Келісімнің шарттары бойынша Виллиан аптасына 100 мың фунт стерлинг (111 мың еуро) алады. Трансфер тамыз айының соңында ресми түрде жарияланады деп күтілуде.
Бұған дейін Виллиан өзінің достарына "Арсеналға" қосылғысы келетіні туралы айтқан болатын. Виллиан 2013 жылдан бері «Челси» намысын қорғап келеді, оған дейін «Анжи», «Шахтер» және «Коринтианс» клубтарында ойнаған.
Ол Бразилия құрамасына 2011 жылдан бастап шақырылған. Осы маусымда шабуылшы Англия Премьер-лигасының 36 матчына қатысып, 9 гол соқты (4 пенальтиден), 7 нәтижелі пас беріп, 4 сары қағаз алды.
Біздің серіктес: FONBET