Жарнама
Жарнама

Виллианға көз тіккендер көп

28.04.2020, 19:54
«Челси» ойыншысы Виллианға көз тіккен командалар көп.
Жарнама
Жарнама

«Барселонадан» бастап, Бразилияның «Коринтиансы» және Лондонның «Арсеналы» футболшыны қатарынан көргісі келеді. 31 жастағы ойыншының «Челсимен» келісім-шарты осы жазда аяқталады. Виллиан Лондондықтар сапында 2013-ші жылдан бері ойнайды. Бразилиялық футболшы оған дейін Ресейдің «Анжиі» мен Донецкінің «Шахтерінде» доп тепті. Биыл Виллиан көк жейделілер сапында премьер-лиганың 28 матчына қатысты. Сонымен қатар, чемпиондар лигасы мен Англия кубогында алаңға шықты. Оның еншісінде 7 гол мен 6 нәтижелі пас бар. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Де Брейне үздік атанды
Келесі жаңалық
Жиру келісімді ұзартты