Жарнама
Жарнама

Вильям Галлас: «Арсенал» Артетаны жұмыстан шығаруға мәжбүр болса, орнына Виейраны тағайындауы керек

19.12.2020, 22:30
«Арсенал» АПЛ-де соңғы алты матчта жеңіске жете алмай келе жатыр.
Жарнама
Жарнама

"Арсеналдың" бұрынғы қорғаушысы Вильям Галлас "зеңбірекшілерді" Патрик Виейра жаттықтыруы мүмкін деген пікір білдірді.

"Мен "Арсеналда" не болып жатыр деген сұрақтың жауабын білмеймін. Мүмкін мәселе Артетаның дұрыс жаттықтырмауында шығар. Менің ойымша, оның үлкен клубты баптауға тәжірибесі жоқ.

Ол "Арсеналға" келгенде мен қатты таңқалдым, тіпті Гвардиоланың көмекшісі болғанына қарамастан. 25 ойыншыны басқару үшін тәжірибе қажет. Барлық қысым сізге түседі, сіз шешім қабылдайсыз. Кейбір ойыншылар ойнамағанына наразы болады және бұл мәселені шешу үшін тәжірибе қажет.

Артета Эмеридің орнына келген кезде мен "Арсенал" Виейраны таңдау керек деп ойладым. Мен Патрикпен қаншалықты байланыс жасалғанын білмеймін, бірақ мен оның аты аталмағанына таңқалдым.

Патриктің Микельге қарағанда тәжірибесі мол, ол МЛС-те, "Ниццада" жаттықтырушы болды. Ол "Арсеналдың" капитаны болған және клубты жақсы біледі. Егер Артетаны қызметінен босататын болса, оның орнына Виейраны тағайындауы керек. Бұл шешім жанкүйерлерге ұнайтынына сенімдімін", - деді Галлас.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров