Бүгін УЕФА Еуропа Лигасының финалында "Вильярреал" "Манчестер Юнайтедпен" кездеседі. Матч Гданьск қаласында өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.
Бұл ойында Клеман Тюрпен бастаған француз төрешілері қазылық етеді.
Қарсыластардың формасы
"Вильярреал" соңғы 6 матчтың үшеуінде жеңіске жетті, біреуінде тең түсті. Соңғы кездесуінде "Реал Мадридтен" 2:1 есебімен жеңіліп қалды (22.05)
Испания чемпионатындағы позициясы: 7 орын
"Манчестер Юнайтед" соңғы 6 ойынның екеуінде ғана жеңіске жетті, бір матчты тең аяқтап, қалған үшеуінде ұтылды. Соңғы кездесуінде "Вулверхэмптонды" 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Премьер-лигадағы позициясы: 2 орын
Қос команда финалға қалай жетті?
"Вильярреал" І тобында "Маккаби Тель-Авив", "Сивасспор", "Карабах" клубтарымен күш сынасты және 16 ұпаймен алғашқы орынға ие болды
1/16 финал: "РБ Зальцбургті" 4:1 есебімен жеңді
1/8 финал: Киевтің "Динамосын" 4:0 есебімен ұтты
Ширек финал: Загребтің "Динамосынан" 3:1 есебімен басым түсті
Жартылай финал: "Арсеналдан" 2:1 есебімен айласын асырды
"Қызыл сойқандар" Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде 3 орын алғандықтан Еуропа Лигасына түсті.
1/16 финал: "Реал Сосьедадты" 4:0 есебімен ұтты
1/8 финал: "Миланнан" 2:1 есебімен басым түсті
Ширек финал: "Гранаданы" 4:0 есeбімен жеңді
Жартылай финал: "Романы" 8:5 есебімен ұтты
Бүгінгі матчқа шығуы мүмкін құрам:
"Вильярреал": Рулли; Марио Гаспар, Альбиоль, Пау Торрес, Педраза; Парехо, Коклен, Тригерос; Морено, Алькасер, Пино
"Манчестер Юнайтед": де Хеа; Уан-Биссака, Байи, Линделёф, Шоу; ван де Бек, Фред; Рэшфорд, Бруно Фернандеш, Погба; Кавани
Кімдер қатыса алмайды?
"Вильярреал": Иборра (тізе жарақаты). Одан бөлек Хуан Фойт пен Самуэль Чуквуезе де қатыспауы мүмкін
"Манчестер Юнайтед": Филл Джонс, Антони Марсьяль (тізе жарақаты), Харри Магуайрдың да бұл матчқа қатысуы екіталай
Қос команданың бапкерлері не дейді?
"Вильярреалдың" жаттықтырушысы Унай Эмери: "Біз финалға өзіміздің ең жақсы футболымызды көрсету үшін жолдама алдық. Біз шынымен де "Манчестер Юнайтедті" жеңіп, чемпион болғымыз келеді. Әр финал бір-бірінен ерекшеленеді. Біз бұған дейінгі финалдық кездесулерде фаворит болдық, бірақ жеңіліске ұшырап жаттық. Бүгін біз мақтанышпен және жауынгерлік рухпен ойнайтын боламыз. Біз мықты команда екенімізді дәлелдедік. "Манчестер Юнайтед" те кез-келген команданы жеңе алады, бірақ біздің өз жоспарымыз бар. Біз "Юнайтедті" мұқият зерттедік. Ең бастысы - бізде болатын мүмкіндіктерді пайдалану".
"Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер: Біз ойынға әдеттегідей дайындалдық. Біз ойыншыларға қысым жасамаймыз, өйткені егер сіз "Манчестер Юнайтедте" ойнайтын болсаңыз, онда әр матч маңызды болып табылады. Финалға шыққан әрбір ойыншы жеңіске жеткісі келгендіктен, белгілі бір дәрежеде қысымға ұшырайды. Біз жеңіске жетуді жоспарлап отырмыз, бірақ Унаи [Эмери] мен оның ойыншыларының да өздерін дәл осылай сезінетініне сенімдімін. Финалда жеңіске жету мүмкіндігі әрқашан 50-50 болады. Барлығы болуы мүмкін. Бірақ біздің дайын екенімізге сенімдімін".
Біздің серіктес: FONBET