Жарнама
Жарнама

«Вильярреал» мен «Барселона» арасындағы матчтан кейін қақтығыс орын алды

28.11.2021, 20:41
Унай Эмери матч соңында Хавидің қолын алмаған екен.
Жарнама
Жарнама

Испания чемпионатының 15-ші турындағы «Вильярреал» - «Барселона» (1:3) ойынынан кейін қақтығыс орын алды, деп хабарлайды Marca.

Дереккөздің хабарлауынша, финалдық ысқырықтан кейін алаң иелерінің бас бапкері Унаи Эмеридің төрешілерге көңілі толмай, «Барселона» бапкерлері отырған жерге барып: «Әдеттегідей, жеңісті сендерге сыйлады» деп айтқан көрінеді. Дәл осы кезде «Барселонаның» жаттықтырушысы Хави «Вильярреалдың» екінші бапкері Имано Идиакеске мұның дұрыс емес екенін түсіндіріп жатқан. Қос команданың бас бапкері бір-бірінің қолын алмай, өз жөндерімен кетті.

Артынша трибунада «Барселонаның» қақпашыларды жаттықтыратын бапкері мен «Вильярреал» сарапшысы арасында қақтығыс орын алды. Оқиғаға «Барселона» қақпасына тағайындалмаған пенальти себеп болған. Жанжалды тоқтату үшін полицияның араласуына тура келді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров