Эль Класиконың 72-ші минутында Винисиус Родригоға ауыстырылған сәтте эмоциясын жасыра алмады.
Ойыннан шыққан соң ол ашуға мініп, қолын сермеп, наразылығын білдірген. БАҚ өкілдерінің айтуынша, сол кезде ол “Тағы да мен бе?!” деген секілді сөз айтқан көрінеді.
Алайда матчтан кейін Бразилиялық жұлдыз өз әрекетіне өкініш білдіріп, шын көңілден кешірім сұрады:
“Эль Класико кезінде көрсеткен мінезім үшін Мадридисталардан кешірім өтінемін. Бүгін жаттығу кезінде де бапкер мен командаластарымнан кешірім сұрадым. Тағы да айтам — менің бұл әрекетім ашуға берілген сәттік әлсіздік болды. Кейде жеңіске деген құштарлық сезім мені тым алға жетелеп кетеді.
Бірақ бұл — клубқа, командама деген шексіз сүйіспеншілігімнен туындайтын сезім. "Реал Мадридке” келген алғашқы күнімнен бастап осы клуб үшін жанымды салып ойнадым және әр сәтте солай ойнауды жалғастыра беремін.” — деді Винисиус.
Ал аты аңызға айналған Бразилиялық футболшы Ривалдо Винисиустың бұл әрекетіне өз бағасын берді:
“Иә, оның әрекеті дұрыс емес. Бірақ мен оның күйін түсінемін. Эль Класикода жақсы ойнап, командадағы ең белсенділердің бірі болды, бірақ бапкер оны бәрібір ауыстырды. Бұл кез келген ойыншының намысына тиеді. Адамдарға бұл ұнауы да, ұнамауы да мүмкін, бірақ Винисиус әлі де ФИФА таңдаған жылдың үздік ойыншысы деңгейіндегі футболшы екенін ұмытпайық.” — деді Ривалдо.
Біздің серіктес: FONBET