Жарнама
Жарнама

Виталий Волков «Ақтөбеден» кетті

01.07.2021, 20:44
Футболшы осы маусымда небәрі 4 матчқа қатысты.
Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" футбол клубының 40 жастағы жартылай қорғаушысы Виталий Волков командадан кетті. Ойыншымен болған келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Ресейлік футболшы "Ақтөбе" сапына 2018 жылы қосылған еді. Содан бері 68 матч өткізіп, 3 гол мен 4 голдық пасты өз еншісіне жазды. Волков өткен жылы командамен бірге Бірінші лиганың чемпионы атанған болатын.

Виталий - мәскеулік "Торпедоның" түлегі. Ол ресейлік "Рубин", "Томь", "Волга" клубтарында өнер көрсетті. Ал Қазақстанда "Тобыл" мен "Оқжетпес" командаларының намысын қорғады.

"Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров