Вице-Премьер Қазақстан футбол федерациясының жұмысын сынға алды
22.01.2015, 07:01
Жарнама
Жарнама
Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары мен Қазақстандағы спорт федерациялары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан кеңес барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев футбол федерациясының жұмысын сынға алды.
«Өкінішке қарай, бірқатар федерациялардың жұмысы сын көтермейді, ал оларға халықтың қаражаты бөлініп жатыр. Әсіресе, футбол туралы айтайық. Жақында ғана Санкт-Петербордағы турнирде қазақстандық жастар құрамасының ойыны да бұған мысал. Олар еуропалық командаларды айтпағанның өзінде Тәжікстан командасынан жеңіліп қалды. Кеше африкалық командамен тең түсті. Міне, сіздер мен біздерің нәтижеміз осындай», - деді Бердібек Сапарбаев.
Бұл ретте Вице-премьер Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшылығы жақсы нәтижелер көрсетуге тырысады деген сенім білдірді. Оның айтуынша, футбол - бұл спорттың ең сүйікті түрі. «Алайда, көптеген спорт ғимараттары салынғанына, жастарымызды Бразилияда оқытқанымызға қарамастан, әзірше ондай жұмыстардан еш нәтиже жоқ», - деді Б. Сапарбаев.
Сонымен бір мезгілде Премьер-министрдің орынбасары жақсы нәтиже көрсетіп жүрген еліміздегі бокс, ауыр атлетика, теннис секілді федерациялар жұмысын оң бағалады.