«Жальгириспен» Литва біріншілігінде төрт тур бұрын топ жарған қазақстандық бапкер Владимир Чебурин өзінің әсерімен бөлісті.
«Барлық футболшыларыма үлкен алғыс айтамын. Биыл ерекше қиын маусым, ауыр ойындар болды. Еурокубоктерде сәтсіз ойнадық. Литвадағы менің мансабымның өзінде осылайша турнирден ерте шығып кету жағдайы алғаш рет болып тұр. Көп жағдайдада топтың есігінен қайтып, 2022-жылғыдағыдай оны ашып кірген кездеріміз де болған. Ойыншыларға көп рахмет, нағыз азаматтар және футболшыларыммен мақтанамын. Барлығымыз осы күнді, чемпионат пен жүлделерді есте сақтаймыз», - деді В. Чебурин.
Қазақстандық маман осымен Литва біріншілігін алтыншы рет ұтып отыр: осыған дейін «Жальгириспен» үш рет топ жарса, тағы екі мәрте «Судувамен» чемпион атанды. Осы ұжымдармен Литва кубогі жолындағы жарыстарда да бірнеше рет бас жүлде еншілегенін қоса кету керек. Бұдан бөлек, В. Чебурин 2017, 2018 және 2019 жылдары Литва біріншілігінің үздік бапкері атағын жеңіп алды. 58-жасар маман «Жальгирис» пен «Судувадан» бөлек қазақстандық «Шахтер» және «Оқжетпес» секілді командаларды да жаттықтырды.
Біздің серіктес: FONBET