«Тұранның» бас бапкері Владимир Газзаев Премьер-лиганың төртінші турында «Тобылмен» (0:3) болған ойынға қатысты пікір білдірді:
– Мен үшін бөтен саналмайтын «Тобылды» жеңісімен құттықтаймын. Жалпы, бүкіл ойынды алатын болсақ, «Тобыл» лайықты түрде жеңіске жетті, оны мойындау керек. Дегенмен, командамның бірінші таймдағы ойынына көңілім толады. Матчтың нәтижесіне біздің ойыншылардың өрескел қателеріктері әсер етті. Бірінші гол соғылған сәтте біз алаң ортасында доптан айырылып қалдық. Әрине, «Тобыл» екінші голды соққанда соңына дейін ойнамадық. Ойынның маңызды сәті, менің ойымша, бірінші таймда біздің таза гол соққан кезіміз болды. Біз бұған бірнеше рет қарадық. Сондықтан бұл жерде бірдеңе деп айту қиын. «Тобыл» – өте жақсы команда, оларда жеке шеберлігі жоғары ойыншылар бар. Осының бәріне сүйене отырып, біздің голды есептесек, ойын басқаша өрбитін еді. Өйткені бірінші таймда біз тамаша ойнадық. Допты бақылау кезінде де мәселе болмады. Ал екінші таймда соғылған екінші голдан кейін ойын аяқталды.
«Тобылға» сәттілік тілеймін, екінші жыл қатарынан чемпионаттың алтын медалін жеңіп алуына тілектеспін. Біздің клуб өте жас, былтыр біз Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалдық. Биылғы жылы біз даму векторын жасап, жаңа команда құрып жатырмыз. «Тұран» футбол клубын алда жақсы нәтижелер күтіп тұр. Мен бұған күмәнданбаймын. Клубтың болашағы зор. «Тұран» біртіндеп дамитын болады.
Біздің серіктес: FONBET