Жарнама
Жарнама

Владимир Муханов «Ақтөбеден» кетпейді

05.05.2022, 16:53
Ресейлік маман «Ақтөбеден» толық маусымға арналған жалақысын талап етуде.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Владимир Муханов Ақтөбеден кетпей, бас бапкердің көмекшісі қызметіне ауысты.

Муханов Премьер-лиганың сегізінші турынан кейін қызметінен босатылып, бас бапкердің міндетін атқарушы болып Петр Бадло тағайындалған еді.

Одан кейін команданы «Қызыл-Жардың» бұрынғы жаттықтырушысы Андрей Карповичтің баптайтыны туралы ақпарат пайда болды. 42 жастағы маман өзінің бапкерлер штабына Борис Глушков пен Денис Колодинді шақырған.

Инсайдер Владимир Жарковтың мәліметіне сенсек, «Ақтөбе» Мухановқа келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы ретінде үш айлық жалақысын беруге дайын болған. Бірақ ресейлік маман толық маусымға арналған жалақыны талап еткен көрінеді. Сондықтан «Ақтөбе» Мухановпен қоштаса алмай отыр.

Дереккөздің хабарлауынша, Владимир Мухановтың «Ақтөбедегі» бір айлық жалақысы 15 мың долларды құрайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров