Жарнама
Жарнама

Владимир Муханов: «Бірінші таймнан кейін жігіттердің берілмей, соңына дейін күрескені көңіл қуантты»

17.10.2021, 15:42
«Ақтөбенің» «кальмар ойынындағы» миссиясы сәтсіз аяқталды.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Муханов Қазақстар Премьер-лигасының 24-турында алматылық «Қайратпен» өткен ойынды қорытындылады (1:2).

 - Бір сөзбен айтқанда, ойын өте тартысты өтті. Және осының әсерінен қателіктер көп жіберілді. Белгілі бір дәрежеде олар өзімізге зиянын тигізді.

Жалпы, ойын тең дәрежеде өтті. Кім көп қателік жіберді, сол команда ұтылды. Біз үлкен қателік жасадық және «Қайрат» бізді жазалады. Қарсыластың шеберлігі сәл жоғары болды.

Бірінші таймнан кейін жігіттердің берілмей, соңына дейін күрескені көңіл қуантты. Осылайша, олар жанкүйерлерге бізге қолдау көрсетуге келгендері үшін алғыс айтты. Оларға көп рахмет. Біз олардың қолдауын сездік!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров