Жарнама
Жарнама

Владимир Мұханов: «Жігіттердің жеңіске жету үшін бар күшін салғандарын қаладым»

25.10.2021, 02:44
«Ақтөбе» сапында Мукам мен Ерланов көзге түсті.
Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Мұханов түркістандық «Тұранмен» болған жеңісті ойынға (2:1) қатысты пікір білдірді:

- Әрине, қиын ойын болды. Өйткені алаң иелері жеңіске жетсе, олар маусым соңында жоғары орындарға үміткер болатын еді. Біз үшін де турнирлік кестеде төмен түспегеніміз маңызды болды.

Біздің жағдайымызға ұзақ жол әсер етті. Соған қарамастан біз белсенді қимылдадық. Бірінші таймда гол соғып, тағы бірнеше мүмкіндікке ие болдық. Бірақ 30-минутта қателікке жол бердік және қарсылас мұны пайдаланып, стандарттан гол соқты.

Үзіліс кезінде мен жігіттерден матчты қалай бастаған болса, солай жалғастыруды сұрадым. Жеңіске жету үшін бар күшін салғандарын қаладым. Екінші таймда жолымыз болды. Бір голдан да көп соғуымыз мүмкін еді. Мені қолдаған командаға және бізге қолдау көрсетуге келген жанкүйерлерге үлкен рахмет!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров