Жарнама
Жарнама

Владимир Вайсстың тарихи жолы қайталана ма?

06.08.2025, 15:46

Алматының Орталық стадионында әйгілі словак бапкері Владимир Вайсс тағы да көрінді. Бұл оның Қазақстанға, нақтырақ айтсақ, Алматыға үшінші мәрте келуі.

Жарнама
Жарнама

Алғаш рет Вайсс 2005 жылы «Артмедия» клубының тізгінін ұстап келген болатын. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде оның командасы «Қайратты» жарыс жолынан шығарып, кейін атышулы «Селтикті» де айналып өтіп, Словакия тарихында алғаш болып топтық кезеңге жолдама алған еді.

Кейін Вайсс «Қайраттың» бас бапкері ретінде жұмыс істеді. Дегенмен, ол кезде күткен нәтижелер толық орындала қойған жоқ. Команда Қазақстан чемпионатының алтын медалін еншілей алмады, еурокубоктың топтық кезеңіне де өте алмады. Әйтсе де, Вайсстың жетекшілігімен «Қайрат» екі мәрте Қазақстан кубогын жеңіп алды. Әсіресе, Еуропа лигасының соңғы іріктеу кезеңінде «Бордоға» қарсы есте қаларлық тартысты ойын жанкүйерлердің жадында. Сол сәтте алматылықтар тек доп айырмашылығымен ғана есе жіберген еді.

Енді міне, Вайсс Алматыға «Слован» клубымен келіп отыр. Қызығы сол – бұл қарсылас жұптың жеңімпазын келесі кезеңде тағы да «Селтик» клубы күтіп тұр. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: