Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев беларуссиялық "Рухтың" толыққанды ойыншысына айналды. Бұл туралы "Родны Футбол" телеграм-арнасы хабарлады.
Келісімшарт 2,5 жылға жасалғандығы атап өтілді. 23 жастағы футболшы Бресттің "Динамосына" тиесілі болатын және "Рух" сапында жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен еді.
Естеріңізге сала кетейік, "Рух" Беларуссия чемпионатының өткен маусымында 16 команданың ішінде сегізінші орынға ие бооды. Васильев 26 кездесу өткізіп, сегіз гол соқты, алты нәтижелі пас берді. Және маусымның қорытындысы бойыншы "Рух" сапындағы ең үздік ойыншы атанды. Өткен жылы ол Қазақстан құрамасында дебют жасады.
Біздің серіктес: FONBET