«Энергетик-БГУ» клубының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев «Прессбол» басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алғаны жайлы пікір білдірді.
– «Энергетик-БГУ» сапында жүріп Қазақстан құрамасына шақырту алу қиынға соғады деп қорықпайсыз ба?
– Мен шақырту алып үлгердім ғой – клубқа келдім, мені шақырды. Қиын болады деп ойламаймын. Керісінше, біздің команда тартысты ойын көрсетеді. Осы жылы қалай ойнайтынымызды көреміз.
– Беларусь құрамасы сапында ойнауың мүмкін бе еді?
– Беларусь азаматтығын алу туралы әңгімелер болды, алайда бұл сыбыс күйінде қалды. Мен Қазақстан құрамасына шақыртуды ұзақ күткен едім. Ол уақыт келді және алғашқы ойынымды өткіздім.
Біздің серіктес: FONBET