Қазақстандық футболшы Владислав Васильев ойнайтын "Андижан" Өзбекстан чемпионатының 14-ші турында "Қызылқұммен" тең ойнады (1:1).
Қазақстан құрамасының 24 жастағы жартылай қорғаушысы Владислав Васильев алаңға негізгі құрамда шықты. Және 42-минутта тікелей бұрыштама добынан гол соқты. Бұл оның Өзбекстан чемпионатындағы алғашқы голы.
Естеріңізге сала кетейік, Васильев тамыз айының басынан бері "Андижан" клубының намысын қорғауда.
Дәл қазір "Андижан" 9 ұпаймен Өзбекстан чемпионатының турнирлік кестесінде соңғы орында келе жатыр.
Біздің серіктес: FONBET