Душан Влахович өзінің қазіргі жалақысын азайту арқылы “Ювентуспен” келісімшартты ұзарту туралы ұсынысты қабылдаудан бас тартып отыр.
Клуб шабуылшымен келісімді жаңарту үшін жалақыны қысқартуға тырысқан, алайда сербиялық футболшы бұнымен келіспеуде. Влахович қазіргі келісімшартындағы қаржылық келісімін сақтап қалғысы келеді. Бұл жағдай оның клубтан кетуіне әкелуі мүмкін. Келе жатқан жазғы трансферлік кезеңде басқа командалар тарапынан ол үшін ұсыныстар келуі ықтимал.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET