"Барселона" клубының қақпашысы Войцех Щенсны командасымен жаңа келісімшартқа қол қойды.
Поляк қақпашы мен клуб арасындағы жаңа келісім 2027 жылдың жазына дейін күшінде болады. Щенсны “Блауграна" сапына 2024 жылдың қазан айында қосылған болатын. Сол уақыттан бері ол барлық турнирлерде 30 матчқа қатысып, оның 14-інде қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, футболшының нарықтық құны 1 миллион еуро.
Өткен маусымда "Барселона” Щенснымен бірге Испания чемпионатын жеңіп, ел Кубогы мен Суперкубогын да иеленген.
Біздің серіктес: FONBET