Жарнама
Жарнама

«Вулверхэмптон» 18 жастағы «Порту» шабуылшысы үшін 40 миллион еуро төледі

06.09.2020, 14:20
«Вулверхэмптон» португалиялық командаға айналып бара жатыр.
Жарнама
Жарнама

«Вулверхэмптон» клубы «Порту» шабуылшысы Фабио Силвамен келісімшартқа отырды. Силваның клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.

«Вулверхэмптонның» баспасөз қызметі форвардтың трансфері клуб үшін рекордтық ауысым болды деп хабарлайды. «Қасқырлар» 18 жастағы «Порту» шабуылшысы үшін бонустармен қоса есептегенде 40 миллион еуро төлейді, деп жазады журналист Фабрицио Романо.

Силва «Вулверхэмптон» сапында ойнаған оныншы португалиялық ойыншы болады. Тоте Гомеш, Руи Патрисиу, Рубен Винагре, Флавиу Кристовау, Бруну Жордау, Рубен Невеш, Жоао Моутиньо, Даниэль Поденсе және Диого Жота қазірдің өзінде клубта өнер көрсетіп жүр. Сонымен қатар, «Вулверхэмптонның» бас жаттықтырушысы португалиялық Нуно Эшпириту Санту болып табылады.

18 жастағы ойыншы Португалия чемпионатында 12 матч өткізіп, бір гол соқты. Ойыншының трансферлік құны 12 миллион еуроға бағаланады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров