"Вулверхэмптон" өзінің ресми сайтында осы маусымның соңында команданың бас бапкері Нуну Эшпириту Сантумен қоштасатынын хабарлады.
Алдағы уақытта Англия Премьер-лигасының 38-турындағы "Манчестер Юнайтедпен" болатын матч португалиялық маман үшін бұл клубтағы соңғы ойын болмақ. Кездесу 23 мамырда Вулверхэмптондағы "Молинью" стадионында өтеді.
Нуну "Вулверхэмптонды" 2017 жылы тізгіндеді және бұған дейін "Порту", "Валенсия" және "Рио-Аве" командаларын жаттықтырған. Онымен бірге "қасқырлар" бірінші маусымда-ақ Премьер-лигаға жолдама алды. Өткен маусымда жетінші орынға ие болып, биыл Еуропа Лигасында бақ сынады. Қазіргі уақытта команда 45 ұпаймен АПЛ-дың турнир кестесінде 12-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET