Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, әйгілі украиналық бапкер Вячеслав Грозный бірнеше қазақстандық клубтармен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта "Қайсар", "Жетісу" және "Тұран" клубтары бас бапкерлерін ауыстыруды ойластыруда. Қызылордалық команданың жаттықтырушысы Сұлтан Әбілдаев клуб басшылығының көңілінен шыға алмауда, ал "Жетісудың" жаттықтырушысы Ринат Алюетов турнир кестесіндегі жағдайды түзете алмай жатыр.
"Тұранға" келетін болсақ, түркістандық клуб қазақстандық маман Вахид Масудовқа қызығушылық танытуда, бірақ басшылық Грозныйдың кандидатурасын да қарастырған екен.
Грозный Қазақстанда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеді, "Тобыл", "Ертіс" және "Шахтер" командаларын жаттықтырды. Бұған дейін оның кандидатурасын "Астана" мен "Ордабасы" қарастырған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Вячеслав Грозный бірнеше жыл бойы мәскеулік "Спартак" командасының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарды, "Ахматты" жаттықтырды, бірқатар украиналық командалар, сондай-ақ "Динамо" Тбилиси мен болгариялық "Левски" клубтарын баптады.
Біздің серіктес: FONBET